Текст
25.09.2025
Львов бастауыш мектебінің жанындағы "Ақбота" шағын орталығында еңбек күніне арналған ашық сабақ өткізілді.Балаларды кәсіп түрлерімен таныстырды.
25.09.2025
Львов бастауыш мектебінде 1-сыныпта Еңбек күніне арналған сынып сағаты өтті, онда балалар әртүрлі кәсіптермен және олардың адам өміріндегі маңыздылығымен танысты.
15.09.2025
12 қыркүйекте Львов бастауыш мектебінде "Ақбота" шағын орталығымен бірлесіп Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған өлеңнен байқауы өтті.Балалар әр түрлі тілдерде тақпақ айтып және ризашылық белгісі ретінде сыйлықтар алды.
11.09.2025
Львов бастауыш мектебінде "Терроризм мен экстремизмнің алдын алу" сынып сағаты өткізілді.
15.05.2025
Отбасы құндылықтары! Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
12.05.2025
8 мамырда Львов бастауыш мектебінде "Ақбота" шағын орталығымен бірлесіп Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті.Балалар ән айтты,биледі, өлең оқыды.
08.05.2025
6 мамырда Львов бастауыш мектебінде "Ақбота" шағын орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен ұлдар арасында " Біз мықты,батыл,епті және шеберміз "байқауы өтті.Байқау Отан қорғаушыларға арналды.
05.05.2025
Қазақстан-150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын көпұлтты ел. 30 Сәуірде Львов бастауыш мектебінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті.Бұл күні балалар түрлі халықтардың мәдениетімен,костюмдерімен,мерекелерімен және, әрине, ойындарымен танысты.
05.05.2025
"Таза Қазақстан" жобасы аясында 24 сәуірде Львовский Б.М. ауыл әкімдігімен бірлесіп ауыл аумағын жинау бойынша сенбілік өтті.Сенбілікке ересектер мен балалар қатысты.Өйткені, жеке мысал балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа және құрметке тәрбиелейді.
24.04.2025
23 сәуір Қазақстанда Ұлттық кітап күні болып жарияланды.Бұл жаңа мерекелік күн қоғамда жастардың,балалардың оқитын және дамытатын ұлт болуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға көмектеседі.Бұл күні Львов бастауыш мектебінің оқушылары Львов ауылдық кітапханасына барды, кітапхана меңгерушісі Наталья Константиновна мен бастауыш сынып мұғалімі Туленова Гулмира Касымовна кітаптың пайдасы туралы айтып берді.Оқырман адам дамитыны туралы көп біледі және айтады.Наталья Константиновна балаларды "Оқырман клубына" қосып, жаңа оқырмандарға картотека ашты, "Сен шығармалардың кейіпкерлерін жақсы білесің бе?"викторинасын өткізді.