"Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Львов ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
 Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Львовское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Львов негізгі орта мектебінде 5 желтоқсанда мектептің медбикесі Архипова И.Г. оқушыларға тұмаудың алдын алу шараларын түсіндірді.

Тұмау және ЖРВИ алдын  алу жөнінде кеңестер :
Ата аналардың назарына Тұмау ауруы күзгі қолайсыз ауа райы мен қысқы салқынның ажырамас бөлігі іспетті. Осы кезеңде адамдарда тұмаурату мен жөтел,
жалпы әлсіздік пен қызудың көтерілуі байқалады. Тұмау және басқа ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) несімен қауіпті? Тұмау және басқа да ЖРВИ
жоғарғы тыныс жолдары, жүйке жүйесі, құлақ және жоғарғы тыныс органдарының зақымдануымен қауіпті. Асқынулар 3 жасқа дейінгі балалар арасында жиі
кездеседі, себебі олардың иммунитеті әлі де жетілмеген және жүйке жүйесі толық қалыптаспаған. Тұмау және басқа ЖРВИ сырқаттану балалар арасында ересек
адамдарға қарағанда жыл сайын 4-5 есе жоғары болады. Соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар арасында тұмау және ЖРВИ ауыр ағымда өтіп, асқынулар туындауы
мүмкін. Респираторлы ауруларға шалдығу мүмкіндігі мектепке дейінгі балалар мекемесіне және мектепке баратын балалар арасында жоғары, себебі үлкен
ұжымдарда инфекция тез таралады. Тұмау – жоғары тыныс алу жолдары зақымдалу және уыттану белгілерімен
сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Ауру адамнан сау адамға жөтелген,түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.Тұмаудың белгілері мыналар - тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы , сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. А,В,С грипп вирусымен түр- түріне бөлінеді. Тұмау ауруы 5-10күнге дейін  созылып қайта өрбіп  асқынып кетуі мүмкін. Асқынған  ауру  бактериалды инфекциялармен қозып (отит,гайморит) ауруларына айналады.

 

Жаңартылған күні: 09.12.2022 13:43
Құрылған күні: 09.12.2022 13:43

Текст