Текст
18.11.2022
Львов негізгі орта мектебінде 14 қарашадан бастап 25 қарашаға дейін бастауыш сыныптың онкүндігі өткізіліп жатыр. 14 қараша күні онкүндіктің ашылуына байланысты «Өмірдегі ең үлкен бақыт-бұл бақытты балалық шақ» балалық шақ жылына арналған фотоколлаж ұйымдастырылды
10.11.2022
"Оқу мектебі" жобасы аясында 3-сыныпта оқырман бұрышы құрылды, онда балалар үзілісте кітап оқиды, жұмбақтар шешеді, пазлдар жинайды, құрастырады.
31.10.2022
24 қазан күні Львов негізгі орта мектебінің кітапханасында М.Әуезовтың 125 жылдығына байланысты кітап көрмесі өткізілді.Кітапханашы Бекетова Ж.С М.Әуезов өмірбаяны туралы түсіндірді.
31.10.2022
21 қазан күні Львов негізгі орта мектебінің кітапханасында кітапханашы Бекетова Ж.С «Кітап білім бұлағы»атты кітап оқу сайысын өткізді.Бұл сайыста оқушылар өздерін кітап оқуға деген құштарлығын көрсете білді.Жеңіске жеткен балаларға грамота берілді.
27.10.2022
22 қазан күні Львов негізгі орта мектебінде «25 қазан – Республика күніне»арналған мерекелік іс шара өткізілді. Әр сыныптың оқушылары өз өнерлерін көрсете білді.
27.10.2022
22 қазан күні 8 сыныптың оқушылары 25 қазан Республика күніне орай өткізілген «Мен мақтан тұтатын ел!»аттты аудандық патриоттық әндер байқауына қатысып үшінші орынға ие болды.
19.10.2022
Қазақстан Республикасы күніне арналған Күзгі кросс жарысы аяқталды. Ұлдар мен қыздар 1000 метр қашықтықта жарысты. Қыздар арасында: 1-ші орынға ие болған Максимова Карина, 2-ші орын Блашко Ангелина, 3-ші орын Бахаддинова Фатима. Ұлдар арасында: 1-ші орынға ие болған Малдыбаев Жанболат, 2-ші орын Малдыбаев Олжас, 3-ші орын Мовсисян Тигран. Жарысқа барлығы 21 оқушы қатысты.
19.10.2022
Львов негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған 500 метр қашықтықтағы күзгі кросс өтті. Бастауыш сынып оқушылары арасында: қыздар арасында 1-ші орынға ие болған Багирова Эсмира, 2-ші орын Идирисова Амина, 3-ші орын Жадько Виктория. Ұлдар арасында: 1-ші орынға ие болған Бахаддинов Амир, 2-ші орын Бахаддинов Самир, 3-ші орын Каташев Вадим. Оқушыларды қамту -100 %.
11.10.2022
2010-2012 жылы туған Львов орта мектебінің жас футболшылары негізгі мектептер арасында футболдан аудандық жарыстардың чемпиондары, сондай ақ8 қазанда Арқалық қаласында футболдан облысаралық турнир өтті оған Жарқайың ауданының командасы қатысты 2010 жылы туған оқушылар арасында біздің команда екінші орынға ие болды
04.10.2022
Қарттар күні мен мұғалімдер күні қарсаңында мектептің кәсіподақ комитеті педагогикалық еңбек ардагері Альжанова Раиса Габдуловнаны құттықтады