Текст
Львов негізгі орта мектеп кітапхасында қазан айында «Буккроссинг» – кітап алмасу акциясы өткізілді. Шараның мақсаты – әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуына ықпал ету, әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге азғантай болса да, өз үлесін қосуына дағдыландыру, кітапты талғаммен оқуға баулу, балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге көмектесу. «Буккроссинг» «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді.
Кітаптармен алмасу ізгілігі балаларға ұнады. Оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.