"Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Львов ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
 Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Львовское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Львов негізгі орта мектебінде Жаңа жыл мерекесіне қарсы іс-шара өтті.Жаңа жыл мерекесін әсіресе балалар күтеді.Залда әдемі шырша безендірілген.Одан кейін залда Аяз ата,Ақша қар және көптеген ертегі кейіпкерлері болды.Оқушыларға тосын сыйлар жасалды.Балалар ән салып,би биледі,ойындар ойнап және конкурстарға қатысты.Оқушыларға соңында сыйлықтар берілді.

28.12.2022

 

Жаңа жыл тарихы:

Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған. Сондай-ақ, Жаңа Жыл көне Мысыр елінде де тойланып келген екен. Ондаған ғасырлар бұрын шаруашылықта жаңа маусымға септік болатын Ніл өзені суының толысуының өмірлік маңызы бар болыпты. Сондықтан сол күннен бастап жаңа күнді тойлау дәстүрге айналып келеді. Бірақ орта ғасырларға дейін көптеген елдерде егін шаруашылығының бастауы мен өнім жинаудың аяқталуына байланысты Жаңа Жыл көктемде немесе күздің аяғында өткізілетін болған. 1600 жылдары аталған мерекенің тойлану уақыты күзден қыстың бас кезіне ауыса бастайды. Кейіннен бірінші қаңтарға ығыстырылғанымен, Григориан күнтізбесі енгізіліп, Жаңа Жыл он үш күнге созылады. Сол себепті әзірге дейін ескі жаңа жыл ресми болмаса да, 13 қаңтар күні тойланып жүр.

 

Просмотров: 167


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст