1 наурыз Алғыс айту күні болғандықтан 1-8 сыныптарда сынып сағаты өткізілді. 3 наурыз күні оқышылар сөзжұмбақтарды,ребустарды шешіп,соңында жеңімпаз оқушыларға грамоталар берілді. 6 наурызда қазақ тілі пәнінің мұғалімі Малдыбаева Г.Б. 1 сыныпқа «Көктем сәні» ашық сабағын өткізді.Оқушылар сабаққа белсене қатысты. 7 наурызда қазақ тілі пәнінің мұғалімі Малдыбаева Г.Б. «Қазақшаңыз қалай?» 1-3 сыныптар аралығында сыныптан тыс іс-шара,қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бекетова Ж.С. 5 сыныпқа «Ыбырай Алтынсарин» ашық сабағын өткізді.9 наурызда Рустамова А.Н ағылшын тілінен 3 сыныпқа «Rain, rain» ашық сабақ,орыс тілі пәнінің мұғалімі Николаева Е.А 5-9 сынып аралығында «Лингвистикалық КВН» өткізді. 10 наурызда Рустамова А.Н ағылшын тілінен 5 сыныпқа"Funny English"сыныптан тыс іс-шара өткізді.10 наурызда апталықтың қортындысы болды.Белсене қатысқан оқушыларға сыйлықтар,грамоталар берілді.