Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін, ұлттық салт – дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Наурыз -көктем мен жаңару мерекесі.Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.
Мектеп оқушылары да мерекені соңғы оқу күнінде атап өтті.Көңілді әндер, билер, ойындар, тәттілер, жақсы көңіл-күй, бұл кез-келген мерекенің сәттілігінің кепілі!