Текст
Челлендж
ұлы ақынның мерейтойына орай
Біз ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челлендж эстафетасын қабылдадық.
Ұлы Ақынның 175 жылдығына арналады
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, біздің мектепте "Абай"тақырыбында көрме ұйымдастырылып, үздік суреттер байқауы өткізілді. Көрмеге Ұлы ақынға арналған оқушылардың қол жұмыстары, ақын шығармаларының жинақтары, "Абай жолы" романы және басқа да оған арналған шығармалар қойылды.